"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Мамандықтар әлемі» тақырыбында сынып сағат

21.09.2026

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің кәсіптік бағдар берушісі Еңбек күніне орай оқушылардың түрлі мамандықтар әлемімен танысуына және еңбекке деген құрметті қалыптастыруға бағытталған тақырыптық сынып сағаттарын өткізді.

Бастауыш сынып оқушылары үшін «Мамандықтар әлемі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар түрлі мамандықтармен танысып, әртүрлі сала мамандарының еңбегінің ерекшеліктері туралы білді. Сонымен қатар болашақта кім болғылары келетіні туралы ой бөлісті.

5–6 сынып оқушылары «Барлық мамандық маңызды» тақырыбындағы сынып сағатына қатысты. Әңгімелесу барысында оқушылар әртүрлі мамандықтардың қоғам үшін маңызы, қажетті кәсіби қасиеттер, жауапкершілік пен еңбекқорлық туралы өз ойларын ортаға салды.

Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың мамандықтар әлемі туралы түсініктерін кеңейтіп, адал еңбектің кез келген түрінің құндылығын түсінуге және өз қызығушылықтары мен болашақ мамандығы туралы ойлануға мүмкіндік берді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Просмотров: 64


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст