"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы

16.09.2026

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де экологиялық акция өткізілді.

Акцияның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, тазалық пен көріктілікке жауапкершілікпен қарауға және өсімдіктерге қамқорлық жасауға баулу.

Оқушылар пайдалы іске үлкен жауапкершілікпен қатысып, оқу кабинеттері мен мектептің басқа да бөлмелеріндегі бөлме өсімдіктерінің топырағын қопсытып, суарды.

Акцияға белсенді қатысқан барлық оқушыларға белсенділігі, бастамашылдығы, еңбекқорлығы және мектебіміздің жасыл бұрыштарына деген қамқорлығы үшін алғысымызды білдіреміз!

Бірлескен игі істеріміз қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың жарқын үлгісі болсын!

«Таза Қазақстан» – тазалық пен көріктілік әрқайсымыздан басталады!

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Просмотров: 16


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст