16.09.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Жолдыгазина Г.К. 3 «А» сынып оқушыларымен TOPIQ электронды платформасы арқылы орыс тілі пәнінен «Сөз құрамы» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар платформа ұсынған түрлі тапсырмаларды орындады. Атап айтқанда, түбірлес сөздерді анықтап, сөз таптарының атауларын таңдады. Сонымен қатар оқушылар сөздің құрамын және оның бөліктерінің белгіленуін қайталады.
TOPIQ платформасында жұмыс істеу барысында оқушылар оқу бағдарламасын интерактивті тапсырмалар арқылы меңгеріп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырды. Сабақ барысында білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамытуға да көңіл бөлінді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi


