15.09.2026
Бас көлік прокуратурасының тапсырмасын орындау мақсатында профилактикалық жұмыс аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де білім алушыларға «Тыйым салынған заттарды өз еркіңмен тапсыр – қауіпсіз болашаққа қадам жаса» / «Добровольно сдай запрещенные вещества – делай шаг в безопасное будущее» тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың өз қауіпсіздігі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, кәмелетке толмағандардың тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына тартылуының алдын алу, сондай-ақ білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Бейнероликтерді көру барысында білім алушылар тыйым салынған заттарды сақтау, тарату және қолданудың салдары, құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік, сондай-ақ қауіпті жағдайларға тап болған кезде дер кезінде ересектер мен мамандардан көмек сұраудың маңыздылығы туралы ақпарат алды.
Білім алушыларға қауіпсіздік, денсаулық және заң талаптарын сақтау жолын саналы түрде таңдау – жарқын әрі қолайлы болашаққа жасалған маңызды қадам екені түсіндірілді.
Бейтаныс заттарды алмау, сақтамау және басқа адамдарға бермеу, сондай-ақ құрдастарының немесе бөгде адамдардың құқыққа қайшы әрекеттер жасау туралы ұсыныстарына келіспеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Бейнероликтерді көрсету профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру бағытында жүргізілді.
Қауіпсіздік – өз қолыңда! Дұрыс таңдау жаса!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi


