14.09.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Күн сайын бірге» атты жылы әрі шабыт сыйлайтын отбасылық челлендж өтті!
Отбасы – ең ізгі дәстүрлер қалыптасатын, әрдайым түсіністік танытып, қолдау көрсетіп, шынайы күлкісімен жылулық сыйлайтын орта. Бұл челлендждің басты мақсаты – жақындармен бірге өткізілетін күнделікті қарапайым сәттердің қаншалықты маңызды екенін еске салу: бірге таңғы ас ішу, серуендеу, үстел ойындарын ойнау немесе кешкі уақытта бір шыны шай үстінде әңгімелесу.
Отбасыңызбен бірге өткізген ең жарқын әрі бақытты сәттерді естелік үшін суретке түсіруді ұмытпаңыздар! Ал сіздер бос уақыттарыңызды бірге қалай өткізесіздер? Өз әңгімелеріңіз бен фотосуреттеріңізді пікірлерде бөлісіңіздер!
#ВместеКаждыйДень
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
/public/files/2026/9/14/140926_172433_whatsapp-video-2026-09-11-at-222729.mp4