Текст
14.09.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектептің аға тәлімгерлері мектеп парламентімен бірлесе отырып, Қазақстан халқы тілдері күніне орай жарқын бейнечеллендж бастады!
Тіл – ұлттың жаны, достық пен өзара түсіністіктің алтын көпірі. Челлендждің мақсаты – оқушыларды бірлікке шақыру, салт-дәстүрлерге деген құрметті қалыптастыру және еліміздің мәдени әралуандығын насихаттау.
Біздің оқушылар әлемнің түрлі тілдерінде жылы лебіздерін білдіріп, сәлем жолдады!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
/public/files/2026/9/14/140926_171026_whatsapp-video-2026-09-11-at-182642.mp4