"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Саналы ата-ана болу»

09.09.2026

Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының (АПҚКО) жұмысы аясында, Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Саналы ата-ана болу» тақырыбында іс-шаралар өткізілді.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, балаларды тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасында қолайлы эмоционалдық ахуал қалыптастыруға ықпал ету, саналы әрі жауапты ата-аналық ұстанымдарды, балалардың эмоционалдық әл-ауқатын насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілігін және әкенің бала тәрбиесіне белсенді қатысуының маңыздылығын арттыру.

Іс-шаралар барысында жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар арасында саналы ата-ана болу, отбасының баланың тұлғалық қалыптасуындағы рөлі, ата-ананың жеке үлгісінің маңыздылығы, балаларға эмоционалдық қолдау көрсету және олармен сенімді қарым-қатынас орнату мәселелері қарастырылды.

Балалардың жас ерекшеліктерін түсінуге, олардың жеке тұлғасы мен қажеттіліктерін құрметтеуге, сондай-ақ туындайтын мәселелерді бірлесіп шешуге ерекше назар аударылды.

Саналы ата-ана болудың негізгі қағидаттары: баланы сүю және қабылдау, құрмет көрсету, жауапкершілік, тәрбиедегі бірізділік, қолдау және ашық қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

Өткізілген іс-шаралар ата-аналардың бала тәрбиесі мәселелеріне қызығушылығын арттыруға, отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайтуға және ата-ана болуға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етті. Отбасылық құндылықтарды нығайтуға және отбасы мүшелеріне құрметпен қарауға бағытталған пайдалы ақпараттар мен ұсынымдар берілді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Просмотров: 77


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст