08.09.2026
Тәрбие жұмысының әзірленген жоспарына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де оқушылар арасында профилактикалық жұмыс аясында «Вандализм – әркімнің жауапкершілігі» тақырыбында бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушылардың мектеп мүлкіне, қоғамдық нысандарға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауын қалыптастыру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында вандализм және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Өткізілген сынып сағаттары мен профилактикалық әңгімелесулер барысында оқушыларға «вандализм» ұғымы түсіндіріліп, вандалдық әрекеттердің негізгі түрлері мен олардың салдары қарастырылды. Мектеп мүлкін бүлдіру, қоғамдық нысандарды зақымдау, ғимараттарға, жиһаздарға және басқа да нысандарға жазулар мен суреттер салу, қоғамдық орындарды ластау және бүлдіру, сондай-ақ әр адамның өз әрекеті үшін жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Оқушылармен күнделікті өмірде кездесетін нақты жағдайлар талқыланып, зиянсыз еркелік пен құқық бұзушылықтың ара-жігін ажырата білу қажеттілігі түсіндірілді. Педагогтер бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін, ал келтірілген материалдық залалдың белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар оқушыларға басқа адамдардың еңбегін құрметтеу, мектеп мүлкіне ұқыпты қарау, тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ мүліктің бүліну фактілерін көрген жағдайда бей-жай қалмау қажеттігі ескертілді.
Іс-шаралар барысында оқушылар төмендегі сұрақтарды талқылауға қатысты:
Вандализм дегеніміз не?
Неліктен вандализм құқық бұзушылық болып табылады?
Қоғамдық және мектеп мүлкін бүлдірудің салдары қандай?
Вандализмнің алдын алуға қалай болады?
Құқыққа қайшы әрекеттің куәгері болған адам не істеуі керек?
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін дамытуға, айналасындағы адамдарға, қоғамдық мүлікке және мектеп аумағына құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

