"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Отбасы: дәстүрден қазіргі заманға

08.09.2026

Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Отбасы күнін өткізу – қоғамның негізгі тірегі ретінде отбасы институтын нығайтуға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, отбасылық құндылықтарды қолдауға және әр отбасының әл-ауқатына қолайлы жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі.

Осыған орай, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де бекітілген жоспарға сәйкес отбасылық құндылықтарды насихаттауға, отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас мәдениеті мен өзара жауапкершілікті қалыптастыруға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ жастардың отбасын құруға саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілуде.

7 қыркүйек – «Отбасы: дәстүрден қазіргі заманға» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар отбасының әр адамның өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын отбасылық дәстүрлер жайында әңгімелесті. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы отбасылық қарым-қатынастар мен құндылықтардың өзгеруі талқыланды.

Іс-шарада сүйіспеншілік, өзара түсіністік, құрмет, қамқорлық, жауапкершілік және қолдау сияқты маңызды ұғымдарға ерекше назар аударылды.

Іс-шара жылы әрі қызығушылыққа толы атмосферада өтіп, тәрбиелік және танымдық бағытта ұйымдастырылды. Оқушылардың отбасының, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлердің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

/public/files/2026/9/8/080926_190037_whatsapp-video-2026-09-07-at-175122.mp4

Просмотров: 45


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст