Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар айлығы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де оқушылар мен мектеп қызметкерлерін оқу-жаттығу эвакуациялау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өрт және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде әрекет ету бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ білім беру үдерісіне қатысушылардың мектеп ғимаратынан жедел эвакуациялануға дайындығын тексеру.
АӘД ұйымдастырушы-педагогі, запастағы аға лейтенант Заичко Анатолий Анатольевич зардап шеккендерді анықтау және эвакуациялау мақсатында құтқарушылар жасағын дайындады.
Шартты дабыл сигналы берілгеннен кейін педагогтер оқушыларды оқу кабинеттерінен белгіленген эвакуациялау бағыттары бойынша ұйымдасқан түрде мектеп ауласындағы жалпы жиналу орнына шығарды. Іс-шара барысында тәртіпті сақтау, дүрбелеңге жол бермеу және қауіпсіздік ережелерін қатаң орындауға ерекше назар аударылды.
Ғимараттан шыққаннан кейін оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің түгел жиналғаны тексерілді. Құтқарушылар жасағы бір зардап шегушіні анықтап, оған противогаз кигізіп, қауіпсіз түрде эвакуациялады.
Эвакуацияға жұмсалған уақыт – 3 минут 54 секунд.
Жаттығу барысында қатысушылар өрт анықталған жағдайда әрекет ету тәртібі, эвакуациялау ережелері және жауапты тұлғалардың нұсқауларын қатаң орындаудың маңыздылығы туралы білімдерін бекітті.
Оқу-жаттығу эвакуациясы ұйымдасқан түрде өтті. Мұндай іс-шаралар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыруға және төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс әрі жедел әрекет етуге дайындығын нығайтуға ықпал етеді.
Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ басымдығымыз!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
/public/files/2026/9/8/080926_185531_whatsapp-video-2026-09-07-at-132645.mp4