"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Таза Қазақстан» – туған мектеп тазалығы мен көркеюіне қосқан үлес

29.07.2026

Жазғы демалыс кезеңінде Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға және аумақтарды абаттандыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еңбек десанты өз жұмысын жалғастыруда.

Еңбек десантының қатысушылары мектеп аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуде: қоқыстарды жинау, жолдар мен гүлзарларды тазалау, жасыл желектерге күтім жасау, гүлзарлар мен ағаштарды суару, спорттық және ойын алаңдарын ретке келтіру жұмыстарын атқаруда.

Мектеп аумағында тазалықты сақтау, жайлы, қауіпсіз әрі эстетикалық тартымды орта қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.

Еңбек десантының жұмысы оқушылардың бойында еңбекқорлықты, жауапкершілікті, табиғатқа ұқыпты қарауды және ортақ еңбектің нәтижесіне құрметпен қарау қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Осындай іс-шараларға қатысу оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып, мектеп пен мектеп аумағының тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение цветок

Просмотров: 912


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст