"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Пижамалық кеш күні» – достық, шығармашылық және көңілді мереке

29.07.2026

«Солнышко» жазғы алаңындағы 9-күн – көңілді әрі ерекше өткен «Пижамалық кеш күні» болды. Іс-шараның мақсаты – достық атмосфера қалыптастыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қызықты демалыс ұйымдастыру.

Бұл күні балалар түрлі-түсті әрі жайлы пижамалармен, халаттармен және үй киімдерімен келді. Қатысушылар үшін көңілді байқаулар, ойындар, би жаттығулары және шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды.

Күн тәртібіне сәйкес таңғы жаттығу, қызығушылық бойынша ойындар, «Пижамалық дүрбелең» байқау бағдарламасы өткізілді. Сонымен қатар «Сиқырлы қылқалам» үйірмесі аясында «Ең жақсы түс», «Шеберлер қаласы» үйірмесі аясында «Менің арманымдағы жастық» шығармашылық жұмыстары және «Ең жарқын пижама» сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

Балалар ең ерекше пижама байқауына қызығушылықпен қатысып, жұмбақтар шешті, эстафеталарға және командалық ойындарға белсенді қатысты. Барлық балалар мереке барысында белсенділік, шығармашылық және көтеріңкі көңіл күй танытып, бір-біріне қолдау көрсетті.

Іс-шаралар жылы, көңілді және достық атмосферада өтті. Балалар көптеген жағымды эмоциялар алып, сергектік қуатына бөленді және достарының ортасында қызықты уақыт өткізді.

«Пижамалық кеш күні» балаларға жарқын әсерлер, қуаныш және достық қарым-қатынастан ерекше көңіл күй сыйлады.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение ребенок, танцы и батут

Просмотров: 904


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст