"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Туған күн иелері күні» – қуаныш, достық және жылы тілектер мерекесі

29.07.2026

«Солнышко» жазғы алаңында жаз мезгілінде туған күнін атап өтетін балаларға арналған мерекелік «Туған күн иелері күні» өтті. Іс-шараның мақсаты – мерекелік көңіл күй қалыптастыру, достық қарым-қатынасты дамыту және тәрбиеленушілерге жағымды эмоциялар сыйлау.

Мереке барысында балалар көңілді ойындарға, байқауларға, викториналарға және ойын-сауық бағдарламаларына белсене қатысты. Туған күн иелеріне достары тарапынан құттықтаулар, жылы тілектер және шығармашылық сыйлықтар дайындалды.

Сонымен қатар «Көңілді жаттығу», «Туған күн иелерінің жұлдызды шеруі» іс-шаралары ұйымдастырылды. «Шеберлер қаласы» үйірмесі аясында «Досыма арналған ашықхат», «Би уақыты» үйірмесі аясында «Туған күн иелерінің шеруі» флешмобы және «Сабын көпіршіктері шоуы» өткізілді.

Балалар би және музыкалық байқауларға, зейін мен ұжымның бірлігін дамытуға арналған ойындарға үлкен қызығушылықпен қатысты. Іс-шаралар жылы, достық және қуанышты атмосферада өтті.

Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, жағымды эмоциялар алып, бір-біріне көңіл бөлу мен қамқорлық таныту мүмкіндігіне ие болды.

«Туған күн иелері күні» жазғы демалыстың жарқын оқиғаларының біріне айналып, балаларға ұмытылмас әсер мен мерекелік көңіл күй сыйлады.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение ребенок и текст

Просмотров: 12


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст