29.07.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектеп аумағын абаттандыру және тәртіпті сақтау бойынша еңбек десантының жұмысы ұйымдастырылды.
Еңбек десанты қызметінің негізгі мақсаты – білім алушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру, мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу, қоршаған ортаның жағдайына жауапкершілік сезімін арттыру және экологиялық мәдениетін дамыту.
Оқушылар мектеп аумағын күтіп ұстау жұмыстарына белсенді қатысуда: аумақты тазалау, гүлзарлар мен клумбаларды арамшөптерден тазарту және суару, жасыл желектерге күтім жасау, көгалдар мен спорт алаңдарындағы тазалық пен тәртіпті сақтау жұмыстарын атқаруда.
Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес педагогтердің жетекшілігімен және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
Еңбек десантының қызметі оқушылардың еңбекқорлығын, тәртіптілігін дамытуға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, қоршаған орта мен қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға, ортақ еңбектің нәтижесін құрметтеуге, сондай-ақ ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқушылар мен мектеп ұжымының бірлескен еңбегінің арқасында мектеп аумағы мен оқу кабинеттері таза әрі ұқыпты жағдайда сақталып, демалыс пен жазғы іс-шараларды өткізу үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасалуда.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi