"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Еңбек десанты: мектеп аумағын бірге көркейтіп, таза ұстайық»

29.07.2026

Жазғы демалыс кезеңінде Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектеп аумағын абаттандыру және күтіп ұстау бойынша еңбек десантының жұмысы ұйымдастырылды. Оқушылар тазалық пен тәртіпті сақтауға, жасыл желектерге, гүлзарлар мен гүл алаңдарына күтім жасауға, өсімдіктерді суаруға, аумақты тазалауға және абаттандыруға бағытталған өзге де жұмыстарға белсене қатысуда.

Еңбек десантының қызметі білім алушылардың еңбекқорлық, жауапкершілік, мектеп мүлкі мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау қасиеттерін қалыптастыруға, экологиялық мәдениетін дамытуға және ұжымдық еңбек дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес, қауіпсіздік талаптары мен санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі. Мектеп аумағын абаттандыруға қатысу оқушылардың жазғы уақытын пайдалы өткізуіне, мектеп өміріне деген жауапкершілік сезімін арттыруға, жайлы әрі көрікті білім беру ортасын қалыптастыруға өз үлестерін қосуына мүмкіндік береді және мектеп аумағының эстетикалық келбетін сақтауға қолайлы жағдай жасайды.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Нет описания фото.

Просмотров: 29


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст