27.07.2026
Бүгін «Күншуақ» жазғы алаңында балалардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және халықтық әрі әдеби ертегілерге қызығушылығын арттыруға бағытталған қызықты «Сиқыр мен ертегілер күні» өтті.
Іс-шара аясында «Ертегі кейіпкерлерінің ізімен» атты бекеттер бойынша квест ұйымдастырылып, балалар сүйікті ертегілерін сахналады және ертегілерді тамашалады.
Шара барысында балаларды қызықты тапсырмалар, викториналар, жұмбақтар мен түрлі байқаулар күтіп тұрды. Олар ертегі кейіпкерлерін танып, сүйікті шығармаларының сюжеттерін еске түсіріп, театрландырылған қойылымдар мен ертегілерді сахналауға белсене қатысты.
Балалардың ерекше қызығушылығын «Шеберлер қаласы» үйірмесіндегі «Менің сүйікті ертегі кейіпкерім» шығармашылық жұмысы және Жолымбет кентінің кітапханасы ұйымдастырған «Ертегілер калейдоскопы» іс-шарасы тудырды.
Балалар тапқырлықтарын, қиялдарын, әртістік қабілеттерін және командада жұмыс істей білу дағдыларын көрсетті. Барлық іс-шаралар мейірімділікке, сиқырға және қуанышқа толы атмосферада өтті.
Балалар көптеген жағымды әсер алып, дүниетанымдарын кеңейтіп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi