27.07.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-де еңбек десанты өз жұмысын жүргізуде. Оның мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға баулу.
Еңбек десанты аясында оқушылар мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысады: аумақты тазалайды, жолдар мен гүлзарлардың арамшөбін отап, жасыл желектерге күтім жасайды, спорт алаңы мен мектеп жанындағы учаскені ретке келтіреді. Сонымен қатар оқу кабинеттері мен демалыс аймақтарында тазалық пен тәртіптің сақталуына өз үлестерін қосады.
Осындай іс-шаралар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Оқушылар бірлескен еңбектің маңызын түсініп, мектептің жайлы әрі көрікті білім беру ортасын қалыптастыруға өз үлестерін қосуда. Балалардың белсенді еңбегінің арқасында мектеп аумағы күн сайын таза, әсем әрі көрікті бола түсуде.
Еңбек десантының барлық қатысушыларына адал еңбегі, жауапкершілігі және туған мектебіне деген жанашырлығы үшін алғысымызды білдіреміз!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi