"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Күншуақ» жазғы алаңындағы Танысу күні»

20.07.2026

Жолымбет кентіндегі Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының жанындағы «Күншуақ» жазғы алаңының алғашқы күні «Танысу күні» ретінде ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалар арасында достық атмосфера қалыптастыру, олардың бір-бірімен танысуына мүмкіндік беру және алдағы демалыс кезеңіне жағымды көңіл күй сыйлау.

Балалар үшін «Есім + қимыл» атты танысу ойыны ұйымдастырылып, жасақтарға бөліну жүргізілді. Сонымен қатар әр жасақ өздерінің «Жасақтың таныстыруы» атты қабырға газетін дайындады.

Жоспарға сәйкес «Сиқырлы қылқалам» үйірмесі аясында «Армандағы жазым» тақырыбында сурет салу ұйымдастырылды. «Домисолька» үйірмесінде лагерь әндері үйретіліп, таза ауада түрлі қимылды ойындар өткізілді.

Іс-шаралар барысында балалар көңілді ойындар мен сайыстарға қатысып, ұжымдық бірлікті нығайтуға, қарым-қатынас жасау дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындады. Әр қатысушы өзі, өзінің қызығушылықтары мен сүйікті істері туралы айтып берді.

Барлық іс-шаралар жылы әрі достық атмосферада өтіп, балалардың өзара жақын танысып, достық қарым-қатынас орнатуына және көтеріңкі көңіл күй қалыптастыруға ықпал етті. Қатысушылар сергектік, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын эмоцияларға бөленді.

Жазғы алаңның алғашқы күні қызықты әрі мазмұнды өтіп, балаларға көптеген ұмытылмас әсер сыйлады.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение ребенок, учеба, детская игрушка и текст "顧 FO 000"

Возможно, это изображение ребенок, учеба, детская игрушка и текст

Просмотров: 245


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст