"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Мемлекеттік рәміздер – Қазақстан тәуелсіздігінің негізі»

20.07.2026

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің мақтанышы.

Осы атаулы күнге орай Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің тарих пәні мұғалімдері «Мемлекеттік рәміздер – Қазақстан тәуелсіздігінің негізі» тақырыбында танымдық әңгіме өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге құрмет қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті, ұлттық мақтаныш пен Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту.

Іс-шара барысында білім алушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұранының жасалу тарихымен танысып, олардың авторлары, мәні мен мемлекет өміріндегі рөлі туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірлікті нығайтудағы маңызы, оларға құрметпен қараудың және пайдалану қағидаларын сақтаудың қажеттілігі түсіндірілді.

Әсіресе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранына құрметпен қарау және мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өткізілген іс-шара білім алушылардың өз елінің тарихына деген қызығушылығын арттыруға, патриоттық сезімдерін дамытуға, ұлттық мақтаныш сезімін нығайтуға, мемлекеттік рәміздерге құрмет қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеуге ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Просмотров: 245


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст