"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Уақыттан биік тағзым: Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай»

20.07.2026

31 мамыр – Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осы атаулы күнге орай Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің тарих пәні мұғалімдері педагогикалық ұжымға арналған еске алу тақырыбындағы іс-шара өткізді.

Мақсаты – тарихи жадты сақтау, өз елінің тарихына құрметпен қарауды тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.

Іс-шара барысында педагогтердің назарына тарихи оқиғалар шежіресі, архивтік деректер, тарихи материалдар және саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры туралы тақырыптық таныстырылым ұсынылды. Жаппай саяси қуғын-сүргінмен байланысты ел тарихындағы қасіретті кезеңдер еске алынды.

Бейбітшілік, қоғамдық келісім, халық бірлігі құндылықтарының маңыздылығына және тарихи шындықты болашақ ұрпақ үшін сақтаудың қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Педагогтер жастарды ерлікке, төзімділікке және адамдық қадір-қасиетке тәрбиелеудің маңыздылығын талқылады.

Іс-шара құрмет пен тағзым рухында өтіп, тарихи жадты сақтауға, елдің өткеніне құрметпен қарауға, сондай-ақ бейбітшілік, әділеттілік және адам құқықтарының құндылығын терең түсінуге ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

 

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, детская игрушка и текст

Просмотров: 231


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст