"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні»

20.07.2026

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес тарих пәнінің мұғалімдері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар өткізді. Іс-шаралар оқушылардың тарихи жадын қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және өз елінің өткен тарихына құрметпен қарауға бағытталды.

Мақсаты – жас ұрпақтың ел тарихына құрметпен қарауын тәрбиелеу, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының рухына тағзым ету, тарихи жадты сақтау, жанашырлық пен отансүйгіштік сезімдерін дамыту.

Атаулы күн аясында:

  • тарихтың қасіретті кезеңдеріне арналған еске алу сабақтары өткізіліп, онда білім алушылар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың себептері мен салдары туралы мәлімет алып, сол кезеңде зардап шеккен адамдардың тағдырларын талқылады;

  • тарихи оқиғаларды тереңірек түсінуге ықпал ететін деректі бейнематериалдар көрсетіліп, талқыланды;

  • саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды.

Іс-шара барысында білім алушыларға адам өмірінің құндылығын түсіндіруге, мұндай қайғылы оқиғалардың болашақта қайталануына жол бермеудің маңыздылығын ұғындыруға, төзімділік пен адамгершілік қасиеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Өткізілген іс-шаралар тарихи жадты сақтауға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, өткен тарихқа құрметпен қарауды қалыптастыруға және білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға ықпал етеді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение ‎один или несколько человек, люди учатся и ‎текст "‎DUUN ГУЛАГ в Казахстане Архипелаг ГУЛАГ مش Лнюомя Peyang науки 1005ង せんR """ Бокейхан А.Байтурсын A М.Дулатулы Дула улы У.Кулумбетов O. Исаев O. ОЖандосов эунын Sopll RRRLINI ตลา โพรชัตเวถ сыр.‎"‎‎

Возможно, это изображение текст "Крупнейший советский женский лагерь, один из «островов <<Архипелага Гудаг" ២ 29 декабря 1939 года официально включён в структуру Карлага как •Акмолинское отделение арагандинского исправител испраиительно-прудовове льно- рудовотат правительно-т лагеря» Лаерь был открыт вначале 1938 базе базел26-го посёлка трудопоседений как авнтельно- трудовой латерь «Р-17» Р-17",Начиная Начиная января 1938 .B лагерь начали приходитьэ этапы. пвтерадгеленизменнвкей ОДИНЫЕ λодеЗЕёι 마그트로그리 電葉工士工 #KAJMAT казахской степи очгень CVDOR Испепеляющая О-прадусная жара ACTOM,40 морозы зимой. кругды утихающие стешные erpa. Зимой CHETOM AuFLEX казлкокан паснителлигенция UFLEX"

Просмотров: 227


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст