11.05.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін үйрету бойынша іс-шаралар өткізілуде.
Іс-шаралар аясында білім алушылар жол қозғалысы ережелері тақырыбында суреттер салып, сондай-ақ «Жүргізушіге хат» жазды. Хаттарында олар жүргізушілерге мұқият болудың, жылдамдық режимін сақтаудың және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салды.
Жазылған хаттар автокөлік жүргізушілеріне табысталды. Осындай акциялар балалардың өз қауіпсіздігіне және айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.
#Адал_азамат #Біртұтас_тәрбие #aqmola_metod_center #aqmolaoblysybirtutas_tarbie #oqu_agartu_ministrligi