10.05.2026
Сыни ойлау мен дәлелді пікірталас мәдениетін дамытуға бағытталған «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебінің «Диспут» дебат клубының жетекшісі Борисенко В.В. «Қазіргі бұқаралық мәдениет дәстүрлі мәдениет мұрасын жояды» тақырыбында дебат өткізді.
Мақсаты: білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі көзқарастарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Міндеттері: көпшілік алдында сөйлеу және пікірталас жүргізу дағдыларын дамыту; әлеуметтік және мәдени үдерістерді талдай білу қабілетін қалыптастыру; дәстүрлі мәдениетке құрметпен қарауға және бұқаралық мәдениетке саналы көзқарас қалыптастыруға тәрбиелеу; диалог мәдениеті мен толеранттылықты дамытуға ықпал ету.
Дебат барысында қатысушылар екі командаға бөлінді: бекітуші («жақтаушы») және даттаушы («қарсы») тарап. Әр команда өз ұстанымын дәлелдейтін дәйектер, мысалдар мен нақты фактілер келтірді.
«Жақтаушы» команда қазіргі бұқаралық мәдениет өзінің қолжетімділігі мен кең таралуының арқасында дәстүрлі құндылықтарды ығыстырып, ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдени мұраға деген қызығушылықты төмендететінін атап өтті.
Ал «Қарсы» команда бұқаралық мәдениет дәстүрлерді кеңінен насихаттауға, оларды қазіргі заман талаптарына бейімдеуге және жастар арасында таратуға мүмкіндік беретінін дәлелдейтін уәждер ұсынды.
Пікірталас барысында қатысушылар өз ойларын жүйелі жеткізе білу, нанымды дәлелдер келтіру, қарсы тарапқа сауатты сұрақ қою және пікірталасты мәдениетті түрде жүргізу қабілеттерін көрсетті.
Өткізілген дебат білім алушылардың зияткерлік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға, мәдениет пен қоғам мәселелеріне саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi