"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Өрт кезіндегі жеке қауіпсіздік ережелері. Отпен абайсыз жұмыс істеудің жауапкершілігі»

10.05.2026

Білім алушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары аясында және Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «Өрт кезіндегі жеке қауіпсіздік ережелері. Отпен абайсыз жұмыс істеудің жауапкершілігі» тақырыбында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Мақсаты: білім алушыларға өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы білім беру, өрттің алдын алу және отпен жұмыс істеуге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Міндеттері: білім алушыларды өрттің шығу себептерімен таныстыру; өрт туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмін үйрету; қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру; өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті түсіндіру.

Өткізу формасы: сынып сағаттары, нұсқамалар, бейнематериалдарды көрсету, жағдаяттық тапсырмаларды талқылау.

Іс-шара барысында білім алушыларға өрттің негізгі себептері түсіндірілді. Атап айтқанда, отпен абайсыз жұмыс істеу, электр құрылғыларының ақауы, тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін сақтамау және отпен ойнаудың қауіптілігі туралы айтылды.

Сынып жетекшілері өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін жан-жақты түсіндірді:

  • дереу ересектерге хабарлау немесе өрт сөндіру қызметін шақыру;

  • мүмкіндік болса, лифтіні пайдаланбай, ғимараттан шығу;

  • түтіннен қорғану үшін еңкейіп немесе еңбектеп қозғалу;

  • тыныс алу мүшелерін дымқыл матамен жабу;

  • шкафқа, кереуеттің астына немесе басқа жабық орындарға жасырынбау;

  • қауіпті аймаққа қайта оралмау.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметінің телефон нөмірлеріне және көмек шақыру кезінде ақпаратты дұрыс жеткізу тәртібіне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында білім алушылар отпен абайсыз жұмыс істеудің жауапкершілігі туралы да мағлұмат алды. Атап айтқанда, мұндай әрекеттердің адам денсаулығына зиян келтіруі, материалдық шығынға әкелуі және әкімшілік жауапкершілікке соқтыруы мүмкін екендігі түсіндірілді.

Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы білім деңгейін арттыруға, сондай-ақ өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение учеба и текст

Просмотров: 12


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст