"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Кітап әлемі – білім әлемі»

23.04.2026

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-нің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Ұлттық кітап күніне арналған, оқушылардың оқу мәдениетін дамытуға, әдебиетті насихаттауға және кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараларға 1–11-сынып оқушылары қатысып, олардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып ұйымдастырылды.

Мектеп кітапханасында «Кітап әлемі – білім әлемі» атты тақырыптық кітап көрмесі рәсімделді. Көрмеде қазақстандық және шетелдік авторлардың шығармалары, балалар әдебиеті мен классикалық әдебиет туындылары ұсынылды. Оқушылар жаңа кітаптармен және ұсынылатын әдебиеттер тізімімен танысты.

Сонымен қатар:

  • «Кітап – адамның ең жақын досы» тақырыбында кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітап оқудың тұлғаның дамуына, дүниетанымын кеңейтуге және адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы рөлі туралы әңгімелер өткізілді;

  • «Кітап беттерімен саяхат» атты әдеби викторина ұйымдастырылып, оқушылар белгілі шығармалар бойынша сұрақтарға жауап беріп, кітап кейіпкерлері мен авторларын анықтады;

  • «Бірге оқимыз» атты оқу сағаты өткізіліп, оқылған шығармалардың мазмұны мен кейіпкерлері талқыланды.

Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу белсенділігін дамыту және кітапты кеңінен насихаттау.

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында Ұлттық кітап күніне арналған өткізілген іс-шаралар оқушылардың оқу мәдениетін дамытуға, кітапқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение учеба, детская игрушка, книга и текст

Просмотров: 20


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст