22.04.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-де педагог-логопед пен педагог-психолог ата-аналар арасында аутизм мәселесіне арналған ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратты.
Жадынамаларда аутизм спектрінің бұзылыстарының негізгі белгілері, баланың даму ерекшеліктерін ерте анықтау бойынша ұсынымдар, сондай-ақ қарым-қатынас пен мінез-құлқында ерекшеліктері бар балалармен өзара әрекеттесу жөніндегі кеңестер ұсынылды.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың аутизм туралы ақпараттану деңгейін арттыру, аутизмі бар балаларға түсіністікпен әрі қамқорлықпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ уақтылы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi