22.04.2026
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы, «Жақсылық істер марафоны» және «Қайырымдылықтың көктемгі апталығы» аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-де «Қамқорлыққа құқығым бар» атты іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың бойында адамдарға, жануарларға және қоршаған ортаға ізгі қарым-қатынасты тәрбиелеу, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауды және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Міндеттері:
оқушыларға қамқорлық пен өзара көмектің құндылығын түсіндіру;
экологиялық мәдениет пен табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту;
жануарларға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
әлеуметтік белсенділік пен еріктілік дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар:
жануарлардың бес негізгі еркіндігімен танысты;
үй жануарларына қатысты өз міндеттері туралы түсініктерін кеңейтті;
ойын түріндегі «Қоғамдық кеңеске» қатысты;
жануарлардың бес еркіндігі туралы жан-жақты талқылады;
жануарларға ізгілікпен қараудың этикалық қағидаларымен танысты: теңдік қағидасы, жауапкершілік қағидасы, құрмет қағидасы, жанашырлық қағидасы және адалдық қағидасы;
жауапсыз жануар иесі туралы жағдаятты тыңдап, талқылады.
«Қамқорлыққа құқығым бар» іс-шарасы «Жақсылық істер марафоны» мен «Қайырымдылықтың көктемгі апталығы» аясында өткізіліп, оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, ізгілік пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етті.
Экологиялық және әлеуметтік бастамаларға қатысу арқылы оқушылар қамқорлық танытып, қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосты.
#izgilik_tolqyny
#QamqorBol
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi