21.04.2026
Азаматтық-патриоттық тәрбие аясында, «Патриот» айлығы барысында, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-де «Соғыссыз әлем» тақырыбында шығарма байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың патриоттық санасын қалыптастыру, өз елінің тарихына құрмет сезімін тәрбиелеу, Жер бетінде бейбітшілікті сақтауға жауапкершілік сезімін дамыту, Отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға ұмтылысты тәрбиелеу.
Байқаудың міндеттері: білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру; соғысқа теріс көзқарас қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін, жазбаша сөйлеу мәдениетін және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту; еліміздің қаһармандық тарихы туралы білімдерін кеңейту.
Байқауға жоғары сынып оқушылары қатысты. Байқау басталар алдында оқушылармен бейбітшілік, мейірімділік, өзара түсіністік және Отанды қорғаған батырларды құрметтеу тақырыптарында тәрбиелік әңгімелер өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері шығармаларды дайындауда әдістемелік көмек көрсетті.
Өз шығармаларында оқушылар бейбітшіліктің адамзат үшін ең жоғары құндылық екенін жан-жақты ашып көрсетті. Олар соғыстың қайғылы зардаптары, соғыс жылдарында зардап шеккен адамдардың тағдыры, жауынгерлер мен бейбіт тұрғындардың ерлігі туралы ойларын білдірді. Көптеген шығармалар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, сондай-ақ қазіргі Отан қорғаушыларының ерлігі мен жарқын рухына арналды.
Оқушылар халықтар достығы, өзара құрмет және түрлі қақтығыстардың алдын алудың маңыздылығы туралы ойларын ерекше атап өтті.
Аталған байқау оқушылардың азаматтық ұстанымын, патриоттық сезімін дамытуға, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi