"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Жануарларды қорғаудағы еріктілердің рөлі»

20.04.2026

«Таза Қазақстан» акциясы және «Жақсылық істер марафоны» аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-де «Қайырымдылықтың көктемгі апталығы» өтуде.

«Ізгілік толқыны #QamqorBol» республикалық челленджі аясында сынып жетекшілері оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, жануарларға ізгі қарым-қатынас жасауға және еріктілік қызметтің маңызын түсіндіруге бағытталған «Жануарларды қорғаудағы еріктілердің рөлі» атты іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты: оқушыларға жануарларды қорғау саласындағы еріктілердің қызметі туралы түсінік қалыптастыру, жауапкершілік, мейірімділік және әлеуметтік белсенділік қасиеттерін дамыту.

Міндеттері: оқушыларды зооволонтерлік ұғымымен және оның маңызымен таныстыру; жануарларды қорғау ұйымдарының қызметі туралы білімдерін кеңейту; жануарларға ізгілікпен қарауға тәрбиелеу; еріктілік қызметке қатысуға дайындықтарын қалыптастыру.

Іс-шара тақырыптық әңгіме, презентация және интерактивті тапсырмалармен толықтырылған пікірталас түрінде өтті.

Іс-шара барысында оқушылар:

  • «ерікті» ұғымымен және еріктілік қызметтің негізгі бағыттарымен танысты;

  • жануарларды қорғау ұйымдары мен жануарларға арналған паналардың қызметі туралы білді;

  • зооволонтерліктің негізгі бағыттарын – ақпараттық-ағартушылық жұмыс пен жануарларға тікелей көмек көрсету қызметін талқылады;

  • қаңғыбас жануарларға көмек көрсету, жануарларға қатыгездікпен қарау мәселелерін қарастырды;

  • Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңымен танысты;

  • еріктілердің қызметі туралы бейнематериалдарды тамашалады.

Еріктілердің жануарларды құтқару, емдеу, жаңа иелерін табуға көмектесу және үй жануарларына жауапкершілікпен қарауды қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Іс-шараның тәжірибелік бөлімінде оқушылар жануарларға көмектесудің түрлі жолдарын талқылап, «Жануарларға ізгі қарым-қатынас жасау ережелерін» құрастырды.

Өткізілген іс-шаралар оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін, жанашырлық сезімін және азаматтық белсенділігін дамытуға ықпал етті.

#izgilik_tolqyny
#QamqorBol
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение учеба и текст

Просмотров: 15


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст