"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Батырлар – халық мақтанышы»

20.04.2026

Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында және тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-де «Патриот» айлығы аясында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған «Қазақ халқының қаһарман ұлдары» тақырыбында Ерлік сабақтары өткізілді.

Мақсаты: білім алушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының қаһармандық өткеніне құрметпен қарауға тәрбиелеу, ұлттық батырлардың ерліктері туралы тарихи жадыны сақтау.

Міндеттері: оқушыларды қазақ халқының көрнекті батырларымен таныстыру; Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар мен ұлттық қаһармандардың ерліктері туралы білімдерін кеңейту; Отанға деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу; Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасына құрметпен қарауға баулу.

Іс-шара барысында оқушыларға батырлардың өмірі мен ерлігі туралы презентациялар ұсынылып, бейнематериалдар көрсетілді. Қазақ жауынгерлерінің ерлігі туралы әңгімелер ұйымдастырылып, олардың қаһармандық істерінің бүгінгі ұрпақ үшін маңызы талқыланды.

Ерекше назар Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов және басқа да даңқты қаһармандардың өмірі мен ерліктеріне аударылды.

Өткізілген Ерлік сабақтары білім алушылардың ұлттық мақтаныш сезімін арттырып, ата-бабаларымыздың ерлігіне деген құрметін нығайтуға және тарихи жадыны сақтаудың маңызын түсінуге ықпал етті.

Іс-шаралар жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде өтті. Қойылған мақсаттар мен міндеттер толық орындалды.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение учеба и текст

Просмотров: 18


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст