20.05.2026
«Еңбегі адал – жас өркен» жобасын іске асыру аясында және Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-нің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, оқушылардың еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыруға, кәсіби өзін-өзі анықтауына және өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Бастауыш сынып оқушылары арасында мамандықтар әлеміне арналған «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында қатысушылар әртүрлі мамандықтарға қатысты сұрақтарға жауап беріп, мамандықтардың ерекшеліктері, қоғамдағы маңызы және қызықты деректерімен танысты.
Мақсаты: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және әртүрлі мамандықтарға қызығушылығын арттыру.
Жоғары сынып оқушыларымен «Мамандық таңдауға дайындық» тақырыбында әңгіме өткізілді. Кездесу барысында өз қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, мамандық таңдауға әсер ететін факторлар, білім алудың және өзін-өзі дамытудың маңыздылығы туралы мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, оқушылардың болашақ мамандығы туралы ойлануына ықпал ететін шағын тесттер мен пікірталастар ұйымдастырылды.
Мақсаты: мамандық таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыруға, мамандықтар туралы білімдерін кеңейтуге және болашақ кәсіби жолын саналы таңдауға қажетті дағдыларын дамытуға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi