«Қоғамдық мүлікті қорға!» бағыты бойынша тәрбие жұмысы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған пікірталас және презентация элементтері қамтылған дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: білім алушылардың тарихи-мәдени мұраға деген құрметін қалыптастыру, ескерткіштер мен қоғамдық мүлікті сақтауға азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері: оқушылардың тарих және мәдениет ескерткіштері туралы білімдерін кеңейту; мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын түсіндіру; патриотизм мен азаматтық ұстанымды тәрбиелеу; пікірталас жүргізу және өз ойын дәлелді жеткізу дағдыларын дамыту.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнінің пайда болу тарихымен, оның маңыздылығы және қазіргі қоғамдағы өзектілігімен танысты. Сонымен қатар ескерткіштерді сақтау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау және мәдени мұраны қорғауда әр адамның рөлі туралы мәселелер талқыланды.
Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері, олардың маңызы мен қорғау қажеттілігі туралы баяндамалар мен презентациялар ұсынылды. Қоғамдық мүлікті бүлдіру мен вандализм мәселелеріне, сондай-ақ ол үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.
Өткізілген іс-шара білім алушылардың тарихи ескерткіштер мен қоғамдық мүлікке деген құрметті көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi