18.05.2026
Балалар әдебиеті онкүндігі аясында Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапханасында 1–4 сынып оқушыларына арналған «Халықаралық балалар кітабы күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға баулу, балалар әдебиетіне деген қызығушылықтарын дамыту және оқырмандық мәдениетін қалыптастыру.
Мектеп кітапханашылары оқушыларға кітаптың адамды сүюге, көмектесуге, ойлануға, шығармашылыққа, армандауға, сенуге және жанашыр болуға үйрететінін түсіндірді.
Көрмеде отандық және шетелдік балалар жазушыларының шығармалары, сондай-ақ олардың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер ұсынылды. Балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан танымал авторлар мен олардың жетістіктеріне ерекше назар аударылды.
Көрме оқушылардың оқырмандық дүниетанымын кеңейтуге, кітапқа деген қызығушылығын арттыруға және әдебиет әлемінің көрнекті өкілдерімен танысуына ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi