"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құқықтық сағат «Сыбайлас жемқорлық және оның қоғамға тигізетін теріс әсері»

18.05.2026

Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында, Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, «Адалұрпақ» клубының жетекшісі Серікболат Н. қоғамға сыбайлас жемқорлық мәселесі және оның теріс әсері туралы құқықтық сағат өткізді.

Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарын түсіндіру және заңдарды сақтауға жауапкершілік сезімін дамыту.

Міндеттері:
– оқушыларды сыбайлас жемқорлық ұғымымен және оның көріністерімен таныстыру;
– сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жеке адамға, қоғамға және мемлекетке тигізетін салдарын түсіндіру;
– оқушыларда этикалық мінез-құлық дағдыларын және заңға бағынушылықты қалыптастыру;
– сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту және қоғамдағы жағымсыз құбылыстарға қарсы тұра білуге тәрбиелеу.

Іс-шара барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың негізгі түрлері таныстырылды: парақорлық, лоббизм, билікті асыра пайдалану. Әсіресе сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік және экономикалық салдарына, қоғамдағы сенім деңгейіне және елдің дамуына тигізетін әсеріне ерекше назар аударылды.

Оқушыларға заңнаманың сыбайлас жемқорлықпен күресті қалай реттейтіні, мұндай әрекеттер үшін қандай жаза түрлері қарастырылатыны және әрбір азаматтың адал әрі әділ қоғам қалыптастыруға қалай үлес қоса алатыны түсіндірілді.

Білімді бекіту мақсатында пікірталастар мен интерактивті тапсырмалар ұйымдастырылып, оқушылар нақты өмірлік жағдайларды талдап, мәселелерді шешу жолдарын ұсынды және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарын бағалады.

Өткізілген құқықтық сағат оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде саналы деңгейін арттыруға және заңдарды сақтауға жауапкершілік сезімін дамытуға ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА

Возможно, это изображение текст

 

Просмотров: 58


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст