Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының білім беру саласындағы нормаларын іске асыру – өзекті міндеттердің бірі. Жаңа Конституция мемлекетіміздің негізгі заңы ретінде әрбір азаматтың өмірінде ерекше маңызға ие. Жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәнін түсіндіру, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілігін арттыру – білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің қатарында.
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 11-сынып оқушыларына «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда белгіленген басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Міндеттері: жаңа Конституцияның негізгі қағидаларымен таныстыру; оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін кеңейту; заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру; «Адал азамат» құндылықтарын дамыту.
Сынып сағаты барысында: жаңа Конституцияның негізгі баптары түсіндірілді; тапсырмалар арқылы адам капиталының дамуы, білім, ғылым және инновациялар мәселелері талқыланды; оқушылармен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қатысты пікір алмасу жүргізілді.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Неліктен білім алу әр адам үшін маңызды?
- Мемлекет білім алуға қандай мүмкіндіктер береді?
- Оқушы ретіндегі сіздің міндеттеріңіз қандай?
- Неліктен Қазақстан Республикасын қорғау әр азаматтың қасиетті борышы болып саналады?
- Әскери қызмет елдің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін сақтауға қалай ықпал етеді?
- Отанды қорғау тек әскери қызметпен шектеле ме, әлде басқа да жолдары бар ма?
- Экологиялық мәдениет дегеніміз не?
Жаңа Конституция – әділетті қоғамды сақтайтын, азаматтардың құқықтарын қорғайтын, билікті реттейтін және тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі болып табылатын негізгі Заң. Заңды құрметтеу – Отанды құрметтеу.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА