Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де аутизм мәселесі бойынша ақпараттық науқан жалғасуда.
Аутизм туралы не білу маңызды?
Аутизм — бұл спектр. Яғни оның белгілері әртүрлі болуы мүмкін:
кейбір балаларға тұрақты қолдау қажет болса, енді біреулері қарапайым сыныптарда оқып, жоғары интеллект деңгейін көрсете алады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, аутизм спектрінің бұзылыстары шамамен әр 100 баланың бірінде кездеседі. Бұл әр мектепте осындай балалар болуы мүмкін дегенді білдіреді және оларға айналасындағы адамдардың қолдауы ерекше маңызды.
Аутизм туралы кең таралған мифтер:
Миф: аутизмі бар балалар қарым-қатынас жасағысы келмейді.
Шындық: олар қарым-қатынас жасағысы келеді, бірақ оны қалай жасау керектігін әрдайым біле бермейді.
Миф: аутизмді «емдеуге» болады.
Шындық: бұл ауру емес, дамудың ерекшелігі.
Миф: аутизмі бар барлық адамдар бірдей.
Шындық: әр адам – ерекше.