18.05.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «Өрт қауіпсіздігі» аясында білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын және төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс іс-әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған «Қоғамдық орындардағы өрт кезіндегі іс-әрекет», «Өрт сөндіру техникасы мен өрт-құтқару құралдарының түрлері және олардың қызметі» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: білім алушылардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: оқушыларды өрттің пайда болу себептерімен таныстыру; қоғамдық орындардағы өрт кезіндегі іс-әрекет алгоритмін қалыптастыру; өрт сөндіру техникасының түрлері және олардың қызметімен таныстыру; қауіпсіздік ережелерін сақтауға жауапкершілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында білім алушылар қоғамдық орындарда өрт болған кездегі мінез-құлық ережелері туралы мәлімет алды: сабыр сақтау, ересектерге немесе төтенше қызметтерге дереу хабарлау, лифтіні пайдаланбау, эвакуациялық жолдар арқылы шығу, түтін кезінде тыныс алу мүшелерін қорғау қажеттілігі түсіндірілді.
Эвакуация кезіндегі іс-әрекет алгоритміне ерекше назар аударылды: тәртіп сақтау, ғимараттан жылдам әрі ұйымдасқан түрде шығу, кіші жастағы балаларға көмектесу және ересектердің нұсқауларын орындау.
«Өрт сөндіру техникасы мен өрт-құтқару құралдарының түрлері» тақырыбы аясында оқушылар өрт техникасымен, оның жабдықталуымен және қызметімен, сондай-ақ өрт сөндірудің негізгі құралдарымен (өрт сөндіргіштер, өрт сөндіру шлангілері, сатылар, қорғаныс құралдары) танысты.
Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы білім деңгейі мен практикалық дағдыларын арттыруға ықпал етті, бұл өмір мен денсаулықты сақтаудың маңызды шарты болып табылады.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА