"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ғарыш, ғылым және адамзаттың болашағы»

18.05.2026

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес 12 сәуір – Ғарышкерлер күні мен Ғылым күніне арналған «Ұлы Жердің мұрагерлері» тақырыбында іс-шаралар өткізілді.

Мақсаты: білім алушылардың ғылымға, ғарышқа және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеру саласындағы жетістіктеріне қызығушылығын қалыптастыру.

Міндеттері: оқушылардың ғарыштану тарихы туралы білімдерін кеңейту; ғарышты игерудегі көрнекті жетістіктермен таныстыру; ғылым мен зерттеу қызметіне танымдық қызығушылықтарын дамыту; адамзат жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Іс-шара барысында білім алушылар ғарышты игеру тарихымен танысып, адамның ғарышқа алғашқы ұшуы, Қазақстандық ғарышкерлер, ғарыштық технологиялардың дамуы және ғылымның қоғам өміріндегі маңызы туралы мәліметтер алды. Ғаламның құрылысы, Күн жүйесінің ғаламшарлары және ғарыштық зерттеулердің болашағына байланысты мәселелер қарастырылды.

«Ұлы Жердің мұрагерлері» тақырыбы аясында адамның зерттеуші ретіндегі рөлі, ғылыми жаңалықтардың маңыздылығы және туған жерге қамқорлықпен қарау қажеттілігі талқыланды. Қазіргі әлемнің дамуына ғылымның қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.

Іс-шаралар танымдық әрі қызықты түрде өтіп, оқушылардың үлкен қызығушылығы мен жағымды эмоцияларын тудырды. Өткізілген шаралар білім алушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуге және қоршаған ортаны тануға ұмтылысын қалыптастыруға ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение ‎текст "‎КГУ "Общеобразовательная школа Пп.Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области" 12 АпРЕЛЯ ДЕНЬ НАУКИ в 00:1100T00 02ד0:0 КАЗАХСТАНЕ toppricicoo 101000‎"‎

Просмотров: 17


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст