"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Салауатты өмір салты – табысты болашаққа бастар жол»

18.05.2026

«Салауатты өмір салты – бұл қатаң ережелер немесе мінсіз болуға ұмтылу емес. Бұл – өз жағдайыңды сезініп, өзіңе қамқорлық жасай білу».

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Ақмола облысы білім басқармасы мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің хаты негізінде, «Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында және тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында Бірыңғай республикалық сабақтар өткізілді.

Мақсаты: білім алушылардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру, салауатты өмір салтын маңызды өмірлік құндылық әрі жеке және қоғамдық әл-ауқаттың негізі ретінде ұстануға тұрақты мотивация қалыптастыру; салауатты өмір салты мәдениетін дамыту және физикалық, психикалық әрі әлеуметтік әл-ауқатқа кері әсер ететін қауіп факторларының алдын алу.

Қойылған міндеттер: оқушылардың салауатты өмір салтының құрамдас бөліктері туралы білімдерін кеңейту; физикалық және психикалық денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру; өзін-өзі реттеу, күйзеліске төзімділік және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту; дене белсенділігі мен дұрыс тамақтану мәдениетін насихаттау; педагогтер мен ата-аналарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тарту.

Іс-шара барысында сынып жетекшілері оқушылармен адам өміріндегі денсаулықтың маңызы, зиянды әдеттердің зияны, сондай-ақ өмірлік бағдарларды дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы әңгімелер өткізді. Сонымен қатар пікірталастар, шағын тренингтер мен жағымды өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруға бағытталған шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды.

Физикалық және психикалық денсаулық, дұрыс тамақтану, күн тәртібі мен спортпен шұғылдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сынып сағаттары барысында көрнекі материалдар, презентациялар мен бейнероликтер қолданылды. Оқушылар талқылауларға белсенді қатысып, салауатты өмір салты қандай болуы керектігі туралы өз пікірлерін білдіріп, болашаққа арналған жоспарлары мен мақсаттарымен бөлісті.

#ВсемирныйДеньЗдоровья
#МыЗаЗОЖ
#ПоддержимНауку
#ЗдоровыеПривычкиКазахстан

Возможно, это изображение текст
Возможно, это изображение учеба и текст
Возможно, это изображение учеба, детская игрушка и текст
 
 
 
 
Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст