"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Есірткі – өмірді құрдымға апаратын қауіпті жол»

18.05.2026

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес жоғары сынып оқушыларының Жолымбет кентінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Самбетов Ж.Д.-мен кездесуі өтті. Кездесу барысында білім алушылар арасында психоактивті заттарды қолданудың алдын алу мақсатында «Есірткі – тығырыққа апарар жол» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.

Мақсаты: білім алушылардың бойында есірткі заттарын қолдануға саналы түрде теріс көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Міндеттері: оқушыларды есірткінің зияны және оның адам ағзасына әсері туралы ақпараттандыру; есірткі қолданудың әлеуметтік және құқықтық салдарын түсіндіру; жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және құрдастар қысымына қарсы тұра білуге үйрету; білім алушылардың құқықтық және медициналық сауаттылық деңгейін арттыру.

Өткізу формасы: әңгімелесу және талқылау элементтері қамтылған дәріс.

Іс-шара барысында білім алушыларға есірткі заттарының түрлері, тәуелділіктің қалыптасу механизмдері және олардың адамның физикалық әрі психикалық денсаулығына тигізетін зиянды әсері туралы ақпарат берілді. Есірткі қолданудың салдарына — денсаулықтың нашарлауы, психиканың бұзылуы, әлеуметтік белсенділіктің төмендеуі, оқу үлгерімінің әлсіреуі және қоршаған ортамен қарым-қатынастың бұзылуына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар оқушыларға тыйым салынған заттарды сақтау, тарату және қолдану үшін қарастырылатын құқықтық жауапкершілік түсіндірілді. Дәріс аясында есірткіні қолдануға байланысты ұсыныстардан бас тарту дағдыларын қалыптастыруға бағытталған өмірлік жағдайлар қарастырылды. Салауатты өмір салтын ұстану, пайдалы әдеттерді дамыту және қауіпсіз орта таңдауға қатысты ұсыныстар берілді.

Өткізілген дәріс зиянды әдеттердің алдын алуға, білім алушылардың есірткіден бас тарту ұстанымын қалыптастыруға және салауатты өмір салты құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА

Возможно, это изображение учеба

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

 

 

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Просмотров: 19


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст