29.04.2026
«Қамқор» жобасы аясында, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес Дүниежүзілік құстар күніне орай оқушылармен тақырыптық іс-шаралар мен танымдық әңгімелер өткізілді: «Құстар – біздің досымыз», «Құстардың табиғат пен адам өміріндегі маңызы», «Құстарға қалай көмектесеміз».
Мектеп оқушылары құстарға арналған жемсалғыштар жасау бойынша экологиялық акцияға да белсене қатысты.
Негізгі мақсаты: экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғат пен құстарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ оқушылардың құстардың экожүйедегі рөлі туралы білімдерін кеңейту.
Іс-шара барысында құстарды қыс мезгілінде қоректендірудің маңызы мен жемсалғыштарды күтіп-баптау ережелері туралы әңгімелер жүргізілді, аппликациялар жасалды, сондай-ақ оқушылар әртүрлі қолда бар және қайта өңделген материалдардан жемсалғыштар дайындады. Дайын жемсалғыштар мектеп ауласына орналастырылды.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін дамытуға, экологиялық мәдениетті мінез-құлықты қалыптастыруға, табиғатты қорғау дағдыларын жетілдіруге және қоршаған ортаға саналы көзқарасты нығайтуға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi