"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ата-ананың жұмыс орнындағы бір күн – оқушылардың кәсіби бағдар беруінің бір түрі»

29.04.2026

ЦППР жұмысы аясында және Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінің кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес оқушылардың ата-аналарының кәсіби қызметімен танысу арқылы мамандықтар әлемі туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында педагог-кәсіби бағдар берушілер «Ата-ананың жұмысындағы бір күн» атты экскурсия ұйымдастырып өткізді.

Міндеттері: оқушылардың әртүрлі мамандықтар туралы білімін кеңейту; ересектер еңбегіне құрмет сезімін қалыптастыру; болашақ мамандық таңдауға қызығушылықты дамыту; мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайту.

Өткізу формасы: ата-аналардың жұмыс орындарына экскурсия, кәсіби қызметті бақылау, әңгімелесу.

Іс-шара аясында оқушылар өз ата-аналарының жұмыс орындарына барып, олардың кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен, еңбек жағдайларымен және атқаратын міндеттерімен танысты. Ата-аналар өз жұмыстарының ерекшеліктері, қажетті білім мен дағдылар туралы айтып, жеке тәжірибелерімен бөлісті.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жұмыс процесін ішінен көруге және әртүрлі мамандықтардың қоғам өміріндегі маңызын түсінуге мүмкіндік алды.

Іс-шара отбасылық байланысты нығайтуға, ата-аналардың бала алдындағы беделін арттыруға және оқушылардың еңбекке деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.

«Ата-ананың жұмысындағы бір күн» атты өткізілген экскурсия оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталған тиімді кәсіби бағдар беру жұмысының бір түрі болып табылады.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение учеба, детская игрушка и текст

Просмотров: 113


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст