29.04.2026
Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және дербес деректерді қорғауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімдері «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» аясында «Менің дербес деректерім қауіпсіздікте» тақырыбында ақпараттық сағаттар өткізді.
Мақсаты: оқушылардың цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, дербес деректерді қорғау туралы ақпараттану деңгейін арттыру және интернет-қатерлердің алдын алу.
Міндеттері: дербес деректер ұғымын және оның маңыздылығын түсіндіру; интернет желісіндегі қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелерімен таныстыру; жеке ақпаратты қорғау дағдыларын қалыптастыру; ықтимал қауіптерді (алаяқтық, кибербуллинг, деректердің таралуы) ескерту.
Іс-шара барысында оқушыларға дербес деректерге тегі, аты, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, құпиясөздер, банк карталарының деректері және басқа да жеке ақпарат жататыны түсіндірілді.
Сондай-ақ интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылды: бейтаныс адамдарға жеке деректерді бермеу; сенімді құпиясөздерді қолдану; күмәнді сілтемелерге өтпеу; сайттар мен әлеуметтік желілерде тіркелу кезінде сақ болу; күмәнді жағдай туындағанда ересектерден көмек сұрау.
Қорытындысында оқушылардың цифрлық қауіпсіздік туралы ақпараттану деңгейі артты, дербес деректерді қорғауға жауапкершілікпен қарау қалыптасты және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдылары дамыды.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi