"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ерте жүктіліктің алдын алу және жасөспірімдердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру»

29.04.2026

Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде педагог-психолог «Жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің салдары» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.

Әңгіме барысында оқушыларға жыныстық тиіспеушілік ұғымы, жеке шекараны сақтау маңыздылығы және өзіне әрі айналасындағы адамдарға құрметпен қарау туралы ақпарат берілді.

Жасөспірімдердің қауіпсіздігі, өз әрекеттері үшін жауапкершілік, сондай-ақ моральдық-этикалық нормаларды сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Талқылау барысында физикалық және психологиялық денсаулық, әлеуметтік жауапкершілік, білім алудың маңыздылығы және өмірлік мақсаттарды қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар ерте жүктіліктің жасөспірімдердің денсаулығына, біліміне және болашақ өміріне тигізетін салдары түсіндірілді.

Өткізілген әңгіме оқушылардың жеке қауіпсіздік, денсаулықты сақтау, өз болашағына жауапкершілікпен қарау және маңызды өмірлік шешімдерді саналы түрде қабылдау бойынша ақпараттану деңгейін арттыруға ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение учеба и текст

Просмотров: 109


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст