29.04.2026
Тәрбие жұмысы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында «Қоғамға қызмет» атты волонтерлік акция өтті.
Мақсаты: оқушылардың жауапкершілік, мейірімділік, айналадағы адамдарға құрмет сезімін тәрбиелеу және волонтерлік қозғалысты дамыту.
Міндеттері: оқушылардың әлеуметтік белсенділік дағдыларын қалыптастыру; мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін дамыту; оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту; үлкен буын өкілдеріне және қоршаған ортаға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара аясында келесі жұмыстар ұйымдастырылды: мектеп аумағын тазалау және абаттандыру; қарт адамдарға көмек көрсету; қоқысты жинау және сұрыптау; қоршаған ортаға ұқыпты қарау туралы түсіндіру әңгімелерін өткізу.
Барлық жұмыстар ұйымдасқан түрде және қауіпсіздік техникасын сақтай отырып орындалды. Акция барысында оқушылар тек қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосып қана қоймай, еріктілік қызметтің құнды тәжірибесін алды, өзара көмек пен әлеуметтік жауапкершіліктің маңызын түсінді.
«Қоғамға қызмет» атты волонтерлік акция оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, патриоттық сезімін және әлеуметтік белсенділігін дамытуға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi