"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқушыларды деректі және көркем фильмдерді көру арқылы патриоттық тәрбиелеу»

29.04.2026

Оқушыларды патриоттық тәрбиелеу және азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде ұлттық мазмұндағы патриоттық және деректі фильмдерді көру жұмысы ұйымдастырылды.

Мақсаты: бірлесіп фильмдерді көру және талқылау арқылы оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді, өз елінің тарихы мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыру.

Міндеттері: азаматтық жауапкершілік пен ұлттық сананы қалыптастыру; оқушыларды тарихи оқиғалармен және көрнекті тұлғалармен таныстыру; деректі және танымдық киноға қызығушылықты дамыту; мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайту.

Іс-шара аясында ата-аналармен бірге отбасылық көруге ұсынылған фильмдер еліміздің маңызды тарихи оқиғаларын, мәдени мұрасын және жетістіктерін қамтыды.

Нәтижелері: оқушылардың ел тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығы артты; ұлттық құндылықтарға құрмет сезімі қалыптасты; тәрбие процесіне ата-аналардың қатысуы жанданды.

Патриоттық және деректі фильмдерді көруді ұйымдастыру оқушылардың азаматтық, патриоттық сезімін және өз елінің тарихына саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететін тиімді тәрбие жұмысының бір түрі болып табылады.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение текст "ГЕРОН, КОТОрЫе OCTALOTCRE REPOM.ROTOPWEICTAOICRKİEM OCTA ЕНи ВРЕМЯ ПАТРИПТОВ AHAFA ΑПАРΑΡ ЖОл ФИЛЬМ AKAHA САТАЕВА ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ПРОДЮСЕР АЛИЯ НАЗАРБАЕВА ДОРоГА МАТЕРИ Кочевник"

Просмотров: 110


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст