"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасының оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі»

29.04.2026

Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын және білім беру іс-әрекетіне ынтасын қалыптастыруда ата-аналардың рөлін арттыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: отбасылық оқу, «Әженің ертегісі» челленджі және «Кітап айналымы» акциясы.

Мақсаты: ата-аналардың білім беру үдерісіне белсенді қатысуын арттыру, отбасында оқырмандық мәдениетті дамыту және бірлесіп кітап оқу дәстүрін нығайту.

Міндеттері: оқушылардың көркем әдебиет оқуға тұрақты қызығушылығын қалыптастыру; ата-аналар мен аға буынды тәрбие процесіне тарту; отбасылық құндылықтарды және ұрпақтар сабақтастығын дамыту; қолайлы оқырмандық орта қалыптастыру.

Отбасылық оқу аясында үй жағдайында көркем шығармаларды оқу ұйымдастырылып, бұл ауыз әдебиеті дәстүрлерін сақтауға және отбасылық байланысты нығайтуға ықпал етті.

«Кітап айналымы» акциясы аясында оқушылар арасында кітап алмасу ұйымдастырылды. Әр қатысушы оқып болған кітабын әкеліп, басқа кітапты оқуға ала алады.

Нәтижелері: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы артты; отбасылық бірлескен демалыс дәстүрлері нығайды; оқушылардың оқырмандық ой-өрісі кеңейді; кітапқа деген ұқыпты көзқарас қалыптасты.

Өткізілген іс-шаралар оқырмандық мәдениетті дамытуға ықпал етіп, баланың білімге деген қызығушылығын қалыптастыруда отбасының маңызды рөлін көрсетті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение текст "КГУ "Общеобразовательная школа П.Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области""

Просмотров: 109


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст