29.04.2026
Оқушылардың экологиялық тәрбиесін дамыту және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде «Сыныбымызды – мектебімізді көгалдандырайық» атты эко-челлендж өткізілді. Бұл бастама сынып кабинеттерінде, мектепте бөлме өсімдіктерін отырғызу және оларға күтім жасау жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ экоаймақтарды дамытуға бағытталды.
Мақсаты: оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін дамыту және оқу кабинеттерінде, мектепте қолайлы атмосфера құру.
Міндеттері: оқушыларды табиғатты қорғау бағытындағы практикалық іс-әрекетке тарту; өсімдіктерге күтім жасау дағдыларын дамыту; эстетикалық талғам мен экологиялық ойлауды қалыптастыру; сынып кабинеттері мен мектептегі микроклиматты жақсарту.
Челлендж аясында бөлме өсімдіктерінің пайдасы туралы әңгімелер, гүлдерге күтім жасау бойынша шағын нұсқаулықтар өткізілді.
Оқушылар арасында міндеттерді бөлуге ерекше көңіл бөлінді: суару, күтім жасау және өсімдіктердің өсуін бақылауға жауаптылар тағайындалды.
Эко-челленджді өткізу оқушылардың экологиялық санасын, жауапкершілігін және табиғатқа ұқыпты қарауын дамытуға ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар мектептің тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi