"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жасөспірімдер арасындағы деструктивті ағымдардың алдын алу: педагогтің рөлі»

29.04.2026

Деструктивті ағымдардың таралуының алдын алу және тұрақты өмірлік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық ұжыммен «Жасөспірімдер арасындағы деструктивті ағымдар: белгілері және алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жиналысы өтті.

Мақсаты: педагогтердің деструктивті ағымдардың белгілері туралы ақпараттану деңгейін арттыру, оларды оқушылар арасында анықтау және алдын алу дағдыларын қалыптастыру; кәмелетке толмағандар арасындағы деструктивті ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша педагогтердің құзыреттілігін арттыру.

Міндеттері: деструктивті ағымдар ұғымын және олардың түрлерін ашып көрсету; жасөспірімдердің оған тартылу себептерін анықтау; тартылу белгілерін қарастыру; құқықтық және психологиялық сауаттылық деңгейін арттыру; мектеп ортасында тиімді алдын алу шараларын әзірлеу; оқушылардың деструктивті топтарға тартылуын ерте анықтау дағдыларын дамыту.

Жиналыс барысында ерекше назар келесі мәселелерге аударылды: экстремизмнің, буллингтің және өзге де деструктивті мінез-құлық түрлерінің алдын алу; цифрлық қауіпсіздік және әлеуметтік желілердің әсері; деструктивті мінез-құлық белгілері анықталған жағдайда педагогтердің іс-қимыл алгоритмі; мектеп, ата-ана және әлеуметтік қызметтер арасындағы өзара байланысты нығайту.

Өткізілген жұмыс педагогикалық ұжымның деструктивті ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша құзыреттілігін арттыруға ықпал етті. Алдағы уақытта оқушылардың қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға және олардың деструктивті топтарға тартылуының алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда. Деструктивті ағымдардың алдын алу – бұл педагогикалық ұжымның кешенді әрі жүйелі жұмысы. Тек мектеп, отбасы және мамандардың тығыз ынтымақтастығы арқылы ғана баланың тұлға ретінде дамуына қауіпсіз орта құруға болады.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст "Деструктивное поведение пов DAIC"

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст