"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Театр — қайта бейнелену мен өзін-өзі білдіру өнері»

29.04.2026

27 наурыз – Дүниежүзілік театр күні

Осы атаулы күнге орай «Шабыт» жобасын іске асыру аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде Ворона и лисица мысалы бойынша театрландырылған көрініс қойылды.

Мақсаты:
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ шығармаларды сахналау арқылы адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу.

Міндеттері:
оқушылардың актерлік шеберлігін, сөйлеу мәнерлілігін және артистік қабілеттерін дамыту;
ұжымда жұмыс істеу, рөлдерді бөлісу және ортақ іске жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру;
қиялды, креативтілікті және сахналық мәдениетті дамытуға ықпал ету;
адалдық, қарапайымдылық, жағымпаздыққа сын көзбен қарау сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу;
оқуға және әдеби шығармаларды зерттеуге деген қызығушылықты арттыру.

Іс-шара барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, кейіпкерлер бейнесіне еніп, олардың мінезін әсерлі жеткізе білді. Көрініс достық әрі шығармашылық атмосферада өтіп, көрермендерге жағымды эмоциялар сыйлады.

Осындай іс-шараларды өткізу оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, әдебиет пен театр өнеріне деген қызығушылықтарын арттырады, сондай-ақ маңызды өмірлік құндылықтарды қалыптастырады.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст